Жұмысқа рұқсат алу

Global Resources компаниясы Қазақстанда жұмыс істегісі келетін азаматтарға заңды қолдау қызматіне көмектесуге мүмкіндік жасайды. Біз сіздердің Қазақстанда алаңсыз жұмыс істеулеріңіз үшін өзімізге барлық формальді міндеттерді аламыз. Бұл Сіз үшін тез әрі ыңғайлы болып табылады. Өйткені жұмысқа рұқсат алу қағазын рәсімдеу өте көп уақытты қажет ететін процес. Біз өзіміздің тапсырыскерлеріміздің уақыт ыңғайлығын ойлаймыз. Осы мақсатпен Сіздер Global Resources компаниясына өтініш бергендерңіз жөн.  

 

Шетел азаматтарының Қазақстанда жұмыс істеуіне байланысты көрсетілетін қызметтер:

 

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУҒА РҰҚСАТ АЛУ ТӘРТІБІ

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 322, 2006 жылғы 14 наурыздағы № 161 қаулыларымен ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізілді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Республикасына шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тәртібі және талабы, квотаны анықтау жаңа Ережесі енгізілді.
Ережемен Қазақстан Республикасына шетел жұмысшы күшін тарту рұқсатын алу тәртібі және шетел мамандарын тартушы жұмыс берушіде міндетті түрде болуға тиісті қажетті құжаттар тізімдемесі анықталды. ҚР аумағына шетел мамандарын тарту 2 кезеңмен іске асырылады.
1 кезең – Рұқсат алу
Жоғарыда көрсетілген Ереженің 14 тармағының 5 тарауына сәйкес, Астана қаласының аумағында еңбек қызметін іске асыру мақсатында шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін жұмыс беруші Уәкілетті органға:
1. Өтініш беруші фирма туралы (2 дана) (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры А.С. Демеуваға) келесідей мәліметі бар ақпарат жолдау қажет:
  • Заңды тұлғаның тіркелуі туралы: тіркеуді жүргізген орган, тіркеу күні, куәлік №, заңды және нақты мекен-жайы;
  • Қызмет түрлері туралы (қазіргі уақытта фирма қандай жмыспен айналысып жатыр), мердігерлік шарттар мен басқа да келісімдердің болуы;
  • Жұмысшылар саны туралы – барлығын, соның ішінде ҚР азаматтары және шетел азаматтары (мемлекетке қатыстылығын көрсету) және мамандық санаты бойынша;
  • Міндетті түрде (Ереженің 13 бабы) шетел жұмыс күші тартылатын қосымша жұмыс орнын құру бойынша, қазақстандық азаматтарды   мамандықтары бойынша жоғары біліктілігін арттыру, дайындау және қайта дайындау; шетел жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен ауыстыру (орындалу уақытын көрсетумен бірге); (мамандарды дайындау, қайта дайындау және жоғары біліктілігін көтеруде қазақстандық азаматтардың қаншасы қайта дайындаудан өткізілгендер саны туралы, оқыту мерзімі, қандай мамандық бойынша өткізілгені, мамандарға оқуды аяқтағаннан кейін қандай құжат берілетіндігі туралы мамандарды қайта оқыту бойынша бекітілген бағдарламаға сәйкес ) фирмалардың міндеттемелері мен кепілдіктері туралы;
  • Ұйымда ұжымдық шарттың болуы және болмауы туралы;
  • Қазақстандық жұмысшылардың әлеуметтік жеке кодының (ӘЖК) болуы, зейнеткерлік қорында 10 пайыздық төлемнің болуы;
2. Біліктілік анықтамалығына сәйкес әр лауазым үшін құрылған орталық атқарушы органдармен бекітілген басшылар лауазымдары, мамандар және қызмет етушілердің біліктілік талаптары; («ҚР Еңбек туралы» Заңы 70 бап).
3. Мемлекеттік немесе орыс тілінде рұқсат беру туралы шешім қабылдайтын органды көрсете отырып (Астана қаласының Әкімдігі) рұқсат беру туралы, тартылатын ШЖК санатын, санын жеке мамандығы және біліктілігі бойынша  өтініш беру.
  • 1 санат – ұйымның құрамын басқарушыларды тартуға;
  • 2 санат – құжаттары белгіленген тәртіпте расталған жоғары және орта арнайы мамандығы бар мамандарды тартуға;
  • 3 санат – білікті жұмысшыларды тартуға;
  • 4 санат – еңбек етуші – мигранттарды әлеуметтік қорғау және еңбек миграциясы аймағында ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарында жұмысбасты жұмысшыларды тартуға.
4. Өтініш берген күннен бастап 1 ай мерзім ішінде жұмысбастылық мәселелері бойынша уәкілетті орган мәліметтер базасынан  бос қызмет орны бойынша ұсыныстардың болуы туралы анықтама(Бұндай анықтаманы алу үшін ұйым уәкілетті органға фирмаға қажетті мамандықтар, лауазымдар туралы көрсетіп, жұмысбастылық туралы мәселе бойынша сұраныс жіберу қажет).
Бұл үшін сонымен бірге жарияланған күннен бастап 3 күн ішінде Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне бос жұмыс орындарының (лауазымдық қызметтер) болуы туралы мәлімет жіберілу қажет («Халықты жұмыспен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы 9 бап);
5. Берілген лауазым және мамандық бойынша жұмыс берушімен қосымша орнатылған болса, шетел тілін және халықаралық стандарттарды  білу қажеттілігінің дәйектемесі (құжат бойынша расталу қажет: білімі туралы құжаттың болуы; тәжірибе-еңбек өтілін растайтын құжат);
6. Уәкілетті органға өтініш бергенге дейінгі бір айдан кем емес және үш айдан артық емес мерзімде мемлекеттік және орыс тілінде лауазымдарға біліктілік талаптары көрсетілген бос орындар туралы хабарландыру жарияланған республикалық және жергілікті мерзімдік басылымдар түпнұсқасы (4 хабарландыру) Біліктілік талаптары бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, біліктілік анықтамалығы, КЗ сәйкес келу қажет («ҚР Еңбек туралы» Заңы 70 бап). Ұсынылған лауазымдарға қосымша талаптар ҚР Конституциясының 14 бабын және «ҚР Еңбек туралы» Заңының 4 бабын бұзбауы қажет.
7. Еңбек рыногының нәтижесін  іздеу республикалық мәліметтер базасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің веб-сайты арқылы www.enbek.kz , «резюме» бөлімінен және «еңбек рыногі» бөлімінен (табылған үміткерлер туралы немесе олардың болмауы және іздеу туралы мәлімет: республика рыногындағы қазақстандық азаматтар ішінде жұмыс берушіге қажетті мамандар саны, аты-жөні бойынша мамандығы бойынша сәйкес келген үміткерлер саны, жұмысқа қабылданғаны, қабылданбағаны туралы сайттан басылып шығарылған беттерді қоса беру);
8. Орындалу уақыты жеткен, алдыңғы және ағымдағы күнтізбелік жылдарға берілген рұқсаттың ерекше орындалуы туралы мәлімет;
9. Жұмыс берушінің уәжделген жазбаша нысанда қазақстандық азаматтарды бос орынға алудан бас тарту;
10. ШЖК тарту санының негіздемесі (сан негіздемесі штаттық кестеге, лауазымдық міндеттермен, есеп – құжаттарымен: алдағы жұмыс көлемін көрсету, берілген жұмысты атқаруға қажетті мамандықтары бойынша адамдар саны, жұмыстың орындалу уақыты, шарттар, келісімдер және басқа да жағдайлармен расталады).
Ереженің 11 тармағына сәйкес шетел жұмыс күшін тарту кезінде ішкі еңбек рыногындағы іздестіру:
  • шетелдік банк, сақтандыру ұйымдары құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
  • еңбекші – мигранттардың еңбек көші-қоны және оларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысатындар қатарынан шетел жұмыс күшін тарту кезінде жүзеге асырылмайды.
Ереженің 17 тармағына сәйкес Әкімдіктің уәкілетті органы берген рұқсаты Астана немесе Алматы қалаларының аумағында күші бар және басқа жұмысшыларға беруге болмайды.
Жұмыс беруші уәкілетті органнан рұқсат сұрау туралы жазбаша хат жазғаннан кейін 1 айдан аспайтын мерзім ішінде рұқсат алуы қажет.
Рұқсат шетел жұмыс күшінің тізімін уәкілетті орган бекіткен уақыттан бастап күшіне енеді.
Толтырылған рұқсат қағазын жұмыс беруші Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінен Ережеде белгіленген уақыт ішінде жеке куәлігін және басқа да құжаттарды көрсеткен жағдайда алады.
2. Кезең – тартылған жұмыс күшінің тізімін куәландыру
Жұмыс беруші рұқсат алған жағдайда шетел жұмысшыларымен ҚР Еңбек туралы заңына сәйкес еңбек шартына отырады. 
Ереженің 22 тармағына сәйкес жұмыс беруші рұқсат алғаннан кейінгі 3 ай мерзімде әкелінген шетел жұмыс күшінің тізімін жасап, Уәкілетті органға тапсырады.
Әкелінген шетел жұмыс күшінің тізімі: орталық атқарушы орган бекіткен аты-жөні, әкесінің аты, туған жылы мен күні, азаматтығы, тұрақты елі, шығатын елі, мамандығы мен білімі, ҚР қолданылып жүрген біліктілік талаптары бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, біліктілік анықтамалығы, КЗ сәйкес мамандық және лауазым атауы көрсетілген алты данада жасалады.
Тартылатын шетел жұмыс күшінің тізіміне:
  • шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат қағазының көшірмесі;
  • нотариалды куәландырылған білімі туралы құжаттар аударымы. Мүмкіндігінше ҚР  20.12.1999 жылғы № 11-11 «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Заңына сәйкес апостилмен.
  • Жұмыс берушімен куәландырылған жұмысшының еңбек қызметін растайтын құжаттар (жұмыс өтілі бойынша біліктілік талаптарын белгілеген жағдайда);
  • Бір мезгілде ұйымдастырушы болып табылатын басшыларды қоспағанда, жұмысшымен жасалған еңбек шартының көшірмесі (Басшы үшін лауазымға тағайындау туралы бұйрық, егер ұйымдастырушы болса – ұйымдастырушылар жиналысының хаттамасынан үзінді талап етіледі. Ұйымның басшысына сақтандыру полисі қажет – «Еңбекті қорғау туралы» ҚР заңы және «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР заңы);
  • Рұқсаттың мерзімі өткеніне байланысты тұрақты мекен орнына шетел жұмыс күшінің шығуына кепілдік беретін құжаттар (банк және жұмыс берушінің арасындағы келісім-шарт көшірмесі, жұмыс берушінің банктік есебіне кепілдік төлемдер енгізу туралы түбіртек). Жұмыс беруші шетел жұмыс күшін тұрақты тұратын жеріне апаратынын  құжат түрінде кепілдендіру қажет. Бұл үшін рұқсат алғаннан кейін ҚР банкінде депозиттік есеп ашу қажет (әуежолының эквивалентті бағасының сомасына, ондай болмағанда – теміржол көлігімен. Сома есебі әуеагенттігінен билет бағасы туралы анықтама әкелінген негізде ). Алдын ала келісілген салым уақыты (рұқсаттың әрект ету уақытынан аз емес) және Уәкілетті органның рұқсатынсыз салым депозиттен алынуға болмайтын талаппен банкпен жедел депозиттік шарт жасасу қажет.  Уәкілетті органға депозиттің келісім шартының көшірмесі және банктен қаржы түскені жайлы  анықтама;
  • Шетел жұмыс күшін әкелудің куәландырылған тізімін алу үшін сәйкес сенімхат қажет.
ШЖК тарту үшін визалық қолдау жұмыс берушіде рұқсаттың, уәкілетті орган куәландырған тізім қосымшасы болғанда жүзеге асады.
Тізімді куәландырудан бас тарту
Тізімді куәландырудан бас тарту:
  • Ереженің 22-24 тармақтарына сәйкес толық емес және тиісті емес құжаттарды тапсырғанда;
  • Талап етілген санат пен біліктілікке сәйкес келмейтін шетел жұмыс күшін тарту жағдайында жүзеге асырылады.
Ереженің 22 тармағы шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат алған күннен бастап 3 ай мерзімінен кешіктірмей тізімдерді куәландыруды қарастырады.
Рұқсаттың мерзімін ұзарту
Рұқсаттың мерзімін ұзартуды уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші бойынша Астана қаласы үшін бөлінген квота шегінде жүзеге асырады.
Рұқсаттың уақытын ұзарту 1 санат үшін – екі рет, 2 санат үшін – бір рет жүзеге асырылады.
Рұқсаттың мерзімін ұзарту үшін жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 20 күн бұрын уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) Уәкілетті орган басшысының атына өтініш беруші фирма туралы ақпарат (рұқсатты алу кезіндегі тәртіп бойынша)
2) өтінішті
  • рұқсат түпнұсқасы
  • уәкілетті орган растаған шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін
  • рұқсат мерзімдерін ұзарту үшін шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін (1 дана)
  • бұрын берілген рұқсаттың ерекше шарттарының орындалуы туралы ақпаратты; Орындалу туралы ақпарат құжатпен расталу қажет (бұйрықтар, штаттық кесте және т.б)
  • рұқсаттың мерзімін ұзарту негіздемесін (құжатпен расталу қажет: шарт бойынша міндеттерді орындау уақытын ұзарту немесе ауыстыру, жаңа шарт міндеттерін жасасу) жібереді.
ШЖК тарту мерзімінің ұзарту рұқсатын алған кезде тізім Ереженің 6 бөлімінде қарастырылған тәртіпте куәландырылады.
Рұқсаттың мерзімін ұзарту :
  • Ережеге сәйкес қарастырылмаған құжаттарды толық емес және тиісті емес рәсімдеу;
  • Мерзімі жеткен алдағы және ағымдағы күнтізбелік жылдағы рұқсаттың ерекше талаптарын орындамағанда жүзеге асырылмайды.
АУЫСТЫРУ
Ереженің 26 тармағына сәйкес рұқсаттың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін шетел жұмысшысымен еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушіуәкілетті орган куәландырған тартылған шетел жұмыс күшінің өзгертілген тізімі негізінде сол санат пен біліктілік бойынша басқа шетел жұмыс күшін тартуға болады. Бұл үшін Уәкілетті органға жұмыспен қамту мәселесі бойынша:
  • 6 данада сол санат пен біліктілік талаптары бойынша ШТК тартудың өзгертілген тізімі (тізімде рұқсат бойынша жұмыс берушіде жұмыс істеп жүрген шетел жұмыс күшінің барлығы көрсетіледі). Мамандарды ауыстыруға әкелінгендердің аты-жөні курсивпен немесе қалың қаріппен белгіленеді.
  • Ауыстыру жүргізілетін рұқсат бойынша куәландырылған соңғы тізімнің көшірмесі;
  • Еңбек шарты бұзылған шетел жұмысшыларының тізімі (3 данада);
  • Маманды ауыстыру үшін қайта әкелінген адамға ереженің 24 тармағына сәйкес тізімді куәландыру үшін қарастырылған барлық негізгі құжаттар қосымша беріледі;
  • Қосымша: ауыстыру немен байланысты жүргізілгені туралы мәлімет, еңбек шартының бұзылғаны туралы бұйрық, шетел азаматының кеткенін растайтын құжаттар беріледі.
РҰҚСАТТЫ ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРЫП АЛУ
Уәкілетті орган міндетті түрде себебін көрсете отырып, рұқсаттың қолданылуын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға немесе қайтарып алуға құқылы.
Рұқсатты тоқтата тұру:
  • жұмыс беруші осы Ережеде көзделген рұқсат берудің ерекше шарттарын орындамаған;
  • шетелдік жұмыс күші рұқсатта көзделген саннан артық тартылған;
  • тартылған жұмыс күші тізімдерінде көрсетілмеген  шетелдік жұмысшылар мен мамандар тартылған жағдайларда жүргізіледі.
Тоқтатыла тұрған рұқсаттың қолданылуы уәкілетті органның шешімі бойынша анықталатын бұзушылықтар жойылғаннан кейін қалпына келтіріледі, бұл туралы жұмыс берушіге қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарландырылады.
Уәкілетті орган рұқсатты қайтарып алуды уәкілетті орган рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмайды, сондай-ақ үш ай ішінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдері немесе белгіленген есеп беру ұсынылмаған жағдайда жүргізіледі.
ШЖК ТАРТАТЫН ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МІНДЕТТЕРІ.
Ереженің 13,39,40 тармақшаларына сәйкес рұқсат алғаннан кейін ұйым уәкілетті органға рұқсаттың ерекше талаптарын орындау және шетел жұмыс күшін тарту туралы айлық (ағымдағы айдың 25 –не дейін) және тоқсан сайын (келесі айдың 10-на дейін) есеп беріп отыруға міндетті. Айлық есепті тапсырған кезде кестеге ШТК санын, нақты жұмыс істеп жүргенін көрсету қажет. Шетел мамандарының еңбек шартының бұзылғанына байланысты кетуін  растайтын құжаттарды (бұйрықтар) міндетті түрде Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне хабарлау қажет. Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат алған фирма заңды немесе нақты мекен-жайы, сонымен қатар телефон номері өзгерген жағдайда бұл туралы Уәкілетті органға хабарлау қажет.
Қызметке сұраныз қалдыру
Барлық өрiстер толтырылуы мiндет