Әлеуметтік миссия

"Global Recourses" компаниясы  Қазақстандағы жазылмайтын аурулармен ауыратын балаларға арналған арнайы қайырымдылық  жобаларының тұрақты түрде қатысушы болып табылады.

Бүгінгі күні елімізде жедел кәсіби медициналық көмекке мұқтаж балалардың саны көп. Өкінішке орай, онкология, кардиохирургия мен нейрохирургия саласындағы қажетті жабдықтар мен білікті мамандардың жоқ болуына байланысты, кей жағдайда дер кезінде көмек көрсетілмейді. Сырқат балаларды шетелде емдету өте қымба түседі.

Біздің мақсатымыз – Қазақстанда хурургия саласындағы білікті мамандардың дамуына материалдық қолдау көрсету болып табылады. Сонда ғана, елімізде балалардың өмірін сақтап қалатын заманауи жедел оталар жасауға болады. Хирургия саласында білікті мамандардың көп болуы көптеген адамның жанын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Әр ай сайын біздің елімізде дер кезінде көмек көрсетілмегендіктен өмірімен қоштасатын балалардың саны көп. GloRes миссиясы  балаларға өмір сүру үшін үміт беру болып табылады. 

 

БІЗДІҢ ЖҮЛДЕЛЕР

 

CSR Award Ceremony 2014  

Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығы корпоративтік әлеуметтік міндеттерді белсенді атқаратын компнияларды марапаттады.

Юлия Кусиди, атқарушы директор EUROBAK: «Қатаң іріктеп алу әдестері келесі көрсеткіштерді қамтыды: жобаны мемлекеттік жүйелердің көмегінсіз жүзеге асыру, жобаны асыруға кеткен уақыт, адам саны және ең бастысы жүзеге асқан жоба қанша адамдардың өмірін жақсартқаны есепке алынды».

 

Марапат алты атау бойынша берілді. Солардың ішінде біздің компания «Балаларды Қорғау» атауы бойынша жүлдеге ие болды. 

Біздің серіктестеріміз және клиенттер