Біз туралы

«GLORES» ЖШС – жас әрі қарқынды дамып келе жатқан қазақстандық компания. Біз қызметкерлерді басқару, рекрутинг және компаниялар үшін мамандарды іріктеу жұмысына тәжірибелік кеңес беру бойынша қызмет көрсетеміз.

Компания 2009 жылдан бастап Қазақстанда нарығында жұмыс істей бастаған қазақ-голланд  бірлескен кәсіпорны - BIRS (BurdockIncoRecruitmentServices) қайта ұйымдастыру нәтижесінде 2011 жылдың желтоқсанында құрылды. Бұл кәсіпорын инвестициялық жобаларды іріктеу және жүзеге асыру саласында қызмет көрсететін қазақстандық «Инвестконсалтинг» компаниясымен, сондай-ақ дүниежүзі бойынша компанияларға консалтингтік және рекрутингтік қызмет көрсететін голландық “BurdockGroup” серіктесу нетижесінде құрылған.

Біздің компания заман ағымына қарай жүреді – біз тұрақты өзгеріп тұратын бизнес ортаға жылдам бейімделеміз және клиенттеріміздің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысамыз. Қызметіміз келесі салаларды қамтиды:

  • Рекрутинг
  • Аутстаффинг
  • Қызметкерлер лизингі
  • Көпшілікке қажетті жобалар
  • Еңбекақы және салық есептеу аутсорсингі
  • Бизнес-тренингтер
  • Жұмыс визаларын және жұмысқа істеуге рұқсатты  ресімдеу
  • Қазақстанда ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру Организация (семинарлар, форумдар, конференциялар)
  • Іскери серіктестерді іздеу және бизнесті дамыту
СЕНІМДІЛІК

Біз –  бизнесте сенімді серіктестерміз. Біз клиенттермен ұзақ мерзімді қатынасты қалыптастыруға маманданамыз. Біздің консультанттарымыз – тәжірибесі мол жоғары білікті тренерлер, Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, профессорлара, ғылым докторлар мен кандидаттары, халықаралық дәрежедегі тренерлер.

ИКЕМДІЛІК

Біз Сіздің бизнесіңізді, корпоративтік ортаңызды, компанияңыздың ерекшелігін түсінуге тырысамыз, ал қажет болған жағдайда, жеке бағдарлама немесе тапсырыс бойынша тренингтік бағдарлама дайындаймыз. Сондықтан да, біз Сіздің қалауыңызды түсініп, оны жүзеге асыра аламыз.  

НӘТИЖЕ

Біз жоғарғы буындағы басшыларды қоса алғанда, қызметкерлерді іріктеу жобаларын жүзеге асыруда нәтижелі жұмыстар атқарамыз. Табысты жұмыстың басты көрсеткіші клиенттеріміздің және серіктестеріміздің бізге деген құрметі мен сенімі болып табылады. Бізді клиенттеріміздің артқан үміті ынталандыра түседі.

Біздің серіктестеріміз және клиенттер